Frontpage Slideshow (version 2.0.0) - Copyright © 2006-2008 by JoomlaWorks

Бесінші сайланған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы Құдабаев Ерлан Әкімбайұлы

Құдабаев Ерлан Әкімбайұлы 27 мамыр 1956 жылы Талас ауылы Нарынқол ауданы Алматы облысында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1977 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтына түсіп, 1983 жылы зооинженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Киров атындағы ұжымшарда колхозшы болып бастаған. 1975-1977 жылдары Совет Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген. 1983-1988 жылдары Киров атындағы ұжымшарда мал тұқымын асылдандырушы зоотехник, бас зоотехник, 1988-1990 жылдары «Тегістік» кеңшарында партия комитетінің хатшысы, 1990-1991 жылдары Нарынқол аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Нарынқол аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1991-1992 жылдары халық депутаттары Нарынқол аудандық Кеңесі тексеру комиссиясының төрағасы, Нарынқол аудандық агроөнеркәсіп қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, 1992-1995 жылдары «Тегістік» ұжымдық шаруашылығының төрағасы, 1995-2000 жылдары Шәлкөде селолық округінің әкімі, 2000 жылы Қарасаз селолық округінің әкімі, 2000-2003 жылдары «Бек» жеке шаруа қожалығы төрағасының орынбасары, 2003-2008 жылдары Шәлкөде селолық округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы, 2008-2012 жылдары Шәлкөде селолық округінің әкімі қызметтерін атқарған.  V – сайланған Райымбек аудандық мәслихатының
2012 жылғы 23 қаңтардағы № 1-4 шешімімен мәслихат хатшысы болып сайланды.

Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов Құрмет орденімен награтталды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында Райымбек ауданының әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы «Құрмет» орденімен наградталды.

Аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуовтың Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойымен аудан халқын құттықтау сөзі

Ауданымыздың барша қауымы, Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Еліміз Тәуелсіздік оның көк байрағымыздың желбірегеніне міне, 20 жыл болды. Аз ғана жыл. Бірақ  ғасырға бергісіз жұмыстар атқарылды. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы Кеңес Одағының керегесін шайқалтып кетті. Тәуелсіздік жолында саяси күресте күш алып, Одақтың бейбіт тарауына жол ашты. 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

Толығымен...

Мерейтой салтанаты

Халқымыздың тәуелсіздікке қол жеткізіп, жаңа мемлекетіміздің ірге тасының қаланғанына да 20 жыл болды.  Жаңарған  Қазақстанның Елтаңбасы, Туы мен Гимні өмірге келді. Жүздерінде қуаныш нұры ойнаған аудан тұрғындары  мәдениет үйінде өткен мерекелік салтанатқа жаңа еңбек табыстарымен келді. Тәуелсіз қазақстанымыздың 20 жылдық мерейлі мерекесімен аудан әкімі Қ. Медеуов жиналғандарды құттықтады.

Толығымен...

Сауалнама

Сізге сайт ақпаратының жаңартылуы қалай?

 

 

 

 


  Қорытынды

Ауа райы

Кеген

Валюта Бағамы 28.01.2012

USD
USD
148,37 0,02
EUR
EUR
194,29 -0,05
RUB
RUB
4,88 0,00
Ақпарат көзі: ҚР ҰБ